Ақпарат

КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан аудандық Мансап орталығында Солтүстік Қазақстан облысынан келген арнайы топтың қатысуымен халықпен көші-қон мәселесіне қатысты кездесу өтті.Аталған іс-шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков қатысты. Өз сөзінде халық қалаулысы оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстікке қоныстандырумен 2016 жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде солтүстікке қоныс аударған азаматтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен егіншілікпен айналысып, тұрмыстық жағдайларын айтарлықтай жақсартып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, солтүстік өңірге алдын ала барып, жағдаймен танысып қайтқысы келетін азаматтарға жол шығыны тегін ұйымдастырылатыны айтылды. Бұл – болашағын ауылмен байланыстыратын тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.Кездесу барысында солтүстік өңірдегі маман тапшылығы, әсіресе дипломы бар кадрларға деген сұраныс ерекше аталып өтті. Бұл бағытта көшіп барған азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп, олар әлеуметтік тұрғыда қамқорлыққа алынатыны түсіндірілді.Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Азамат Шәріпов қатысушыларға қоныс аударушыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік қолдаулар туралы ақпарат берді. Ал Аққайың ауылдық округінің әкімі Мақсат Есжанов солтүстік өңірлердегі ауылдарды сақтау, мектептердегі оқушы санын арттыру мақсатында жергілікті тұрғындар қоныс аударушыларға қосымша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Оның ішінде көшіп барған азаматтарға кезексіз 1,5 гектар егістік жер беріледі. Бұл алқаптар картоп, күнбағыс, жүгері сияқты оңтүстік тұрғындарына үйреншікті дақылдарды өсіруге өте қолайлы екені айтылды.Кездесу соңында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Келес ауданы халқы тығыз орналасқан, жұмыс орындары жеткіліксіз, егістік пен жайылым жер көлемі шектеулі өңір ретінде солтүстікке көшу – әсіресе жастар үшін тиімді шешім екенін баса айтты.Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қатысты жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОРМАНДЫ АЛҚАПТАРДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

azatmedia