Ақпарат

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА

Сайрам ауданының білім беру ұйымдары жанындағы жазғы лагерьлер балалардыңбос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуде. Екінші ауысымның қатысушыларынақызықты бағдарлама ұйымдастырған.№47 жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушылары жылыжайдағы банан бағына экскурсия жасады. Аудан аумағында орналасқан жылыжайда тропикалықжеміс өсіріледі. Саяхат барысында жас өрендер банан шаруашылығында еңбек ететін бағбаншымен жүздесіп, баптау жолдары және құрамындағы пайдалы дәрумендертуралы тың ақпараттармен танысты. Олар өз көздерімен көрген кәсіптің қыр-сырын таңданыспен қабылдады. Бұл танымдық күн лагерьдегі оқушылар үшін есте қаларлықжарқын сәттердің біріне айналды.Ал, №7 Бабыр атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің балалары Шымкент қаласындағы зообаққа барды. Жан-жануарлар әлеміне енген оқушылар саябақ ішінде суретке түсіп, қуанышқа бөленді. Топ жетекшілерімен тәрбиешілері табиғатқа деген сүйіспеншілікті ұғындырып, жер ананы аялауға және қорғауға баулыды.№5 М.Горький атындағы білім ұясының оқушылары аудан орталығындағы «HappyLand» балалар ойын-сауық орталығында болды. Бұл шара – достық қарым-қатынасты нығайтуға және ұжыммен әрекеттесуге септігін тигізіп, белсенді демалуына мүмкіндік сыйлады.Жазғы лагерьлердегі танымдық саяхаттар – баланың жан-жақты дамуына серпін береді. Демалыс уақытында балалар шығармашылық жұмыстармен айналысып, спорттық және мәдени шараларға қатысуда. Білім көкжиегін кеңейтіп, туған жерін танып-білуде. Зообақтар, демалыс орындары мен кәсіпорындарға экскурсия жүргізу жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛДАДЫ

azatmedia