Ақпарат

«АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын болып өтті. ZOOM конференциясы режимінде өткен жұмыс мәжілісіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров, аймақтық партия филиалдарының жетекшілері, республика өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, жергілікті жерлердегі партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысты.Онлайн форматта өткен жиынға партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов, партияның өңірлік филиалының жауапты қызметкерлері және ZOOM конференциясы режимінде аудандық, қалалық партия филиалдары қосылып, өңір тұрғындары үшін маңызды бағдарламаның тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстарды тыңдады.Жиынның мақсат-міндетін түсінідіріп өткен Эльдар Тынышбайұлы, жуырда өткен мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында Мемлекет басшысы өңірлер мен аймақтардағы өзекті мәселелерді депутаттардың қатысуымен белсенді талқылауды тапсырғанын айтты. Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді жоба болып отырғанын мәлімдеп, бағдарламаның тиімділігін арттыруды, нәтижелілігін көтеруді басымдық етіп белгілеуіміз қажет екендігіне тоқталды.«Халықтың сұранысына сай келетін бағдарламаны одан әрі жетілдіруде ережесін қайта жасау көзделуде. Осы орайда, аудандар деңгейінде бұл бағдарламаның орындалуы қандай деген сауалда аудандық мәслихаттардың ұстанымын айқындап алуымыз қажет. Депутаттар тарапынан жобаның жүзеге асуына мониторинг жүйесін орнатудың жолдары қандай болуы керек? «Ауыл аманатының» тиімділік көрсеткіштері қандай, оның атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың санын төмендетуге, жұмыссыздық деңгейін азайтуға, өнімділік көлемін арттыруға, ауыл шаруашылығы тауарларының нарыққа жетуінде үлесі қандай, өңделген өнімдер шығаруға ықпал ете ме деген сауалдардың басын ашып алуымыз қажет», – деді «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров, «Ауыл аманаты» жобасының 2023 жылы жылғы көрсеткіштерін саралай келе, бағдарламаның тиімділігін арттыруда, өнімділік көлемін көтеруде, жобаға қатысушы ауылдық округтердің мамандануын қамтуда әлі де жетілдіре түсетін мәселелер бар екенін айтты. Бағдарламаның тиімділік көрсеткіштерін бағалауда анкеталық сауалнамалар жүргізуді, бағдарламаға қатысушы аудандар мен ауылдық округтердің мамандануын зерделеуді, несие бөлуде ауылдық округтердің басымдық бағытын ескеруді, бағдарлама іске асырылатын аймақтарда өнім шығару – өңдеу – нарыққа шығару жүйесі бойынша толыққанды кооперативтер құрылуына қол жеткізуді ұсынды.Жиын барысында қарастырылған мәселе бойынша өңірлерден бірқатар нақты ұсыныстар айтылды. Оларды бағдарламаға кіріктіру мәселелері орталық атқарушы мемлекеттік органдар тарапынан зерделенетін болады.Айта кету керек, Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 3413 жаңа жұмыс орындары ашылды, ауыл тұрғындарының табыс көзі 20 пайызға артты, шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2544 бірлікке көбейді. Бұл бағыттағы жұмыстарды партияның өңірлік филиалы тұрақты бақылауында ұстайтын болады.

Қатысты жаңалықтар

МАҚТААРАЛ МЕДИАТОРЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

azatmedia

ОТЫРАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ 53 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

azatmedia

Мектепте оқитын оқушыларға қойылар талап қатаң

azatmedia