Ақпарат

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЕКІ МЕКЕМЕГЕ ҒИМАРАТ БЕРІЛДІ

Арыс қаласындағы «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мекемесіне қарасты Сырдария филиалының енді өз ғимараты бар.Ғимарат Қожатоғай ауыл округіндегі Есқара ата ауылында Сырдария өзені маңында орналасқан. Ғимарат қосымша биіктігі 7 метрді құрайтын, заманауи жабдықталған бақылау бекетімен қамтылды. Бақылау бекетіндегі рацияның байланысқа шығу аумағы 50 шақырым қашықтықты құрайды. Оған қоса, бекет маңында 3 тікұшақ алаңы қарастырылған.

Сонымен қатар, мамандандырылған «Қорған» жедел қызметіне де арнайы ғимарат қарастырылып, күрделі жөндеуден өтті. Мекемеге 5 патрульдік автокөлік берілді.Арыс қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жаңартылған нысандарға барып, мекемелердің жұмыс барысымен танысты.Осы күні облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласын көгалдандыру барысын аралап көрді.

Дендросаябақтың және Арыс-Шардара айналма жолының бойына егілген ағаштардың жағдайын тексеріп, «Жасыл Арыс» тұқымбағының тыныс-тіршілігіне қанықты.1,0 гектарда орналасқан тұқымбақта қазіргі таңда жалпы 8 түрлі 100 мың көшет бапталуда. 2022-жылдан бері 168 мыңнан астам көшет дайындалып босатылған.

Қазіргі таңда мұнда толық тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Мамандар қаланың кәріз суы станция арқылы тазаланып, тұқымбақты суғаруға пайдаланылып отырғанын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Қыз зорлаған банкир мен экс-прокурор сот алдында жауап берді

azatmedia

Рақымов ауылының еріктілері жарап тұр

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

azatmedia