Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ордабасы, Отырар және Созақ ауданындағы Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемелерінің басшыларымен мәжіліс өткізіп, жұмысын саралады.Отырардағы мекеменің құрамында 4 орманшылық бар. Балтакөл, Байырқұм, Қаратау және Шәуілдір орманшылықтарының жер қоры 1 млн. 055 мың гектарды құрайды. Орманды алқап 686 мың гектар. Уақытша 30 гектарда жасақталған тұқымбақта 6 млн. түп сексеуіл көшеті өсірілуде. 15 гектарға орналасқан негізгі тұқымбақта түрлі ағаш- бұталардың 844 мың түп көшеті бапталуда.Жыл басынан бері мекеме 94 рейд өткізіп, 41 заңбұзушылық анықтаған. Нәтижесінде, құқық бұзушыларға 2 млн. 860 мың теңге айыппұл салынып, бүгінгі таңда 1 млн. 287 мың теңге айыппұл өндірілген.Бадам орман шаруашылығы 3 аймақта жалпы 12 гектарға тұқымбақ орналастырып, көшет өсіруді қолға алған. Мекеме басшысы атқарылған жұмыстармен қатар, шешімін күткен мәселелерге де тоқталды. Боралдай орманшылығына өрт сөндіру станциясы және өрт сөндіретін көлік қажет, техникалар мен құрал жабдықтар үшін бастырма салу мәселесі де өзекті.Теріскейде де орман қорын ұлғайту, толықтыру жұмыстары жоспарлы жүзеге асып келеді. Созақ, Мойынқұм, Шолаққорған орманшылықтары 1 млн. 034 мың гектар жерге орналасқан. Орманшылық өткен жылы 2,0 мың гектарға түрлі ағаш көшеттерін отырғызса, 20 гектарда сексеуіл көшетін баптауда. Сонымен қатар, 2 гектарға қарағаш тұқымбағы орналасқаны айтылды. Мекеме өкілі облыс әкімінің орынбасарынан орман қоры жеріне арнайы су жинайтын орындар жасақтауға ықпал етуді сұранды.Нұрбол Тұрашбеков өртену қаупі басым алқаптарға бақылауды күшейту, орманды алқаптарда қауіпсіздік шараларының сақталуын қатаң қадағалау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, орман қорын толықтыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.Мәжіліс қортындысымен тапсырма-жоспар түзіліп, орындалу мерзімі мен жауаптылар бекітілді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық