Ақпарат

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде “Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы ашылды. Шараға Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев және Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы Имангелді Түймебаев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.«Аталған орталықтың ашылуы – ауданның әлеуметтік дамуындағы үлкен қадам, бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты және тиімді қолдаудың айқын көрінісі және аудан халқының денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әрбір азаматтың қоғамдық өмірге белсене араласуына бағытталған маңызды әрі құнды бастама» – деді Бақыт Тұрсынәліұлы.Қазіргі таңда азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, өзара байланыс орнату және дене белсенділігін арттыру – қоғам дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта ашылған орталықтың заманауи талаптарға сай жабдықталуы, кәсіби мамандармен қамтылуы және әрбір келушіге ыңғайлы жағдай жасалуы басты назарға алынған. 

Қатысты жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БАСТАҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia