Ақпарат

СОЗАҚ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН ШАРАҒА 1000-ҒА ЖУЫҚ БҮЛДІРШІН ҚАТЫСТЫ

Созақ ауданы Жартытөбе ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды. Ауыл орталығындағы «Астана» саябағы мерекеге орай сән-салтанатпен безендіріліп, шараға 1000-ға жуық бала мен ата-аналар белсене қатысты.

Мерекелік жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауылдық округ бойынша білім және спорт салаларында облыстық, республикалық деңгейде жетістікке жеткен оқушылар мен сала мамандарын марапаттады. Мерекелік бағдарламаның шымылдығы ашық аспан астында өткен балалардың сурет салу байқауымен ашылды. Кейін бүлдіршіндер топтық эстафеталық жарыстарға, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты. Іс-шара барысында кәсіпкерлердің демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды. Сондай-ақ, түрлі тәттілер үлестірілді. Қуыршақтар шеруі мен ойын-сауық алаңдары бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады. Дәстүрлі әндер шырқалып, мереке аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік шара кешкі сағат 20:00-де «Бақытты бала — Бақытты ел» атты гала-концертпен жалғасын тапты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «SARAP» ЭКСПЕРТТЕР КЛУБЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТҰРАҚТЫ КӨРСЕТІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ ФИНЛЯНДИЯ МЕН ЭСТОНИЯДА БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУДЕ

azatmedia