Ақпарат

ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаевтың қатысуымен Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Әл-фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында ұстаздарға арналған семинар өтті. Семинар барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, Кәсіподақтар Федерациясының 2024 жылды «Лайықты еңбек жылы» деп жариялауына орай, федерация тарапынан лайықты еңбек жағдайларын жасау, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу мен еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, семинарда Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы Қазақстанда АЭС салу мәселесі талқыланып, онда атом энергетикасының маңызы мен артықшылықтары және атом электр станциясының тұрақты дамуы мен экономикаға тигізер пайдасы туралы сөз қозғалды. Сөз соңында Айдар Бахтыбаев Кәсіподақтар Федерациясының елімізде АЭС салу туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізіп, қатысушыларды осы жылдың 6 қазанында өтетін жалпыхалықтық референдумға белсене қатысып , өз таңдауларын жасауға шақырды.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұртта табиғи газ жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр

azatmedia

ОКОЛО 800 СОЛДАТ СДЕЛАЮТ СВОЙ ВЫБОР

azatmedia

ЖАҢА МАЗМҰНДАҒЫ ЭНЕРГОКЕШЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ

azatmedia