Ақпарат

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шардара ауданындағы «Nur-delux» жағажайында шомылу маусымының ашылуы салтанаты өтті. Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, шомылу маусымының сәтті әрі қауіпсіз өтуіне тілектес екендігін айтты. Мерекелік шара аясында жағажай аумағында волейбол, футбол, арқан тарту, қошқар және гір тас көтеру бойынша жарыс өтті. Одан бөлек, отбасылық «Толағай» сайысы ұйымдастырылды.Сонымен қатар, шарада аудандық өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиын соңында спорттық жарыстар мен отбасылық сайыстың жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Қатысты жаңалықтар

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

azatmedia