Шанхай қаласындағы ғасырға жуық тарихы бар «Broadway Mansions» қонақ үйінің бірінші қабатында «Visit Turkistan» туристік ақпараттық орталығының кеңсесі ашылды. Бұл жобаның басты мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін мыңдаған саяхатшыға Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыру және өңірге туристер тарту.Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде насихаттайтын бұл кеңсенің ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысты.»Екі ел арасындағы байланыс бірнеше ғасырға жалғасып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бұл тарихи сабақтастық әлем үшін де маңызды. Біз Қытаймен арадағы осы байланысты іскерлік бағытта жаңғыртып, Түркістан облысының туризмін жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Кеңсеміздің ашылуына үлес қосқан «SkyWay» туроператоры мен Шанхай туристік қауымдастығына алғысымыз шексіз»– деді әкім орынбасары.Шара аясында Түркістан облысының туризм басқармасы, «China Corporate United Pavilion Group» және «SkyWay» туристік операторы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім өңірдің халықаралық имиджін көтеріп, туризм саласына инвестиция тартуға және мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық