Санатталмаған

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

AzatMedia. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қалада коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша салынып жатқан модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды.
Госпиталь Қаратау ауданының «Ақжайық» шағын ауданында орналасқан. Ғимарат 20 төсектік реанимация бөлімшесі бар 200 төсек-орынға арналған бір қабатты, модульдік үлгі бойынша салынды. Бас мердігер – «BI Industrial» ЖШС.

Бұл госпиталь қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті барлық пациенттерді қабылдайтын болады.
Стационарда 300-ден астам білікті медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді.
Инфекциялық госпиталь қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталған: компьютерлік томография, сандық рентген аппараты, 20 ИВЛ аппараты бар.

Инфекциялық госпиталь жобасының ерекшелігі – пациенттерге білікті медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының болуы.
Реанимациялық залдар «open space» қағидаты бойынша ашылған, бұл медициналық персоналға пациенттердің жағдайын бақылауға жеңілдетеді.
Стационарды жобалау кезінде ғимараттың ішінде эпидемиологиялық режимді сақтауға көп көңіл бөлінді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – БЕРІК ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАН МЕШІТІНІҢ ІШКІ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ КЕЛУШІЛЕР НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІЛЕКТЕН, МЕЙІРІМДІ ІС – ЖҮРЕКТЕН

azatmedia

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

Пікір қалдыру