Ақпарат

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазан айының үшінші жексенбісінде елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Осы ретте «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл желек» КММ-нің кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сөз алған Айдар Бахтыбаев кәсіподақ жұмысының негізгі міндеттері мен бағытына ерекше тоқталып, кәсіподақ мүшелеріне бүгінгі таңдағы еңбек қатынастарында кәсіподақтың рөлі мен тиімділігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ барлық қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.
Жиын ары қарай марапаттаумен жалғасып, онда салалық кәсіподақ төрағасы Сапарғали Шолданбаев орман шаруашылығына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбектері үшін бірқатар кәсіподақ белсенділеріне салалық кәсіподақтың төсбелгілері мен Құрмет грамоталарын табыстады.
Өз кезегінде марапат иелері өз алғыстарын білдіріп, кәсіподақ өкілдеріне ризашылықтарын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ҮЛЕС» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЕКІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia