Ақпарат

ӨҢІРДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР КӨРМЕСІ ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕРІКТІГІН ПАШ ЕТТІ

Бүгін Түркістандағы “Керуен сарай” туристік кешенінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, “AGROFEST TURKISTAN 2024” салтанатты іс-шарасы өтіп жатыр.
Мұнда асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қойылған.
Сондай-ақ іс-шара аясында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің арнайы көрмесі ұйымдастырылуда. Көрмеге қойылған бұйымдар облыс аумағында тұратын этностар бірлігін паш етіп, олардың дәстүрі мен тарихынан сыр шертеді.
Еске сала кетсек, кешкі 18:00-де гала концерт ұйымдастырылады. Мерекелік кеште еліміздің жарық жұлдыздары өнер көрсетеді.

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА 60 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia

Еңбек адамы – қоғамның басты байлығы

azatmedia