Бүгін «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Даулеталиннің төрағалығымен өткен 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №4 хаттамасының 11 тармағын орындау мақсатында, 2025 жылға жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру бойынша ақпарат дайындау;
2. 2025 жылға «QAZAQSTAN KASIPODAGY» газетіне жазылу туралы;
3. Өндірістердегі орын алған жазатайым оқиғаларына талдау жүргізу;
4. Жұмыскерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында облыс аумағындағы кәсіподақ ұйымы жоқ мекемелерде «Жалпыға бірдей құқықтық оқыту» атты кәсіподақ жобасын іске асыру бойынша;
Кеңесте күн тәртібінде көрсетілген бірінші мәселе бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Даулеталиннің төрағалығымен өткен 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №4 хаттамасының 11 тармағын орындау мақсатында кеңес мүшелерімен өңірімізде кәсіподақ қозғалысын дамыту мен кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру аясында 2025 жылға жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру бойынша ақпарат дайындау туралы сөз қозғап, оларға тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Бердіғали Өмірәлі 2025 жылға «QAZAQSTAN KASIPODAGY» газетіне жазылу науқаны жүріп жатқандығын қатысушылардың назарына жеткізіп, газетке жазылу жоспарын орындау мақсатында кеңес мүшелеріне жазылу науқанында белсенділік танытуға шақырды.
Бұдан басқа кеңес қатысушылары облыс аумағындағы кәсіпорындарда орын алған жазатайым оқиғаларына талдау жүргізіп, алдағы уақытта өндірістік жарақаттардың алдын алу мен еңбек заңнамасын түсіндіру мақсатында кәсіподақ мүшелеріне және облыс аумағындағы кәсіподақ ұйымы жоқ мекемелерде «Жалпыға бірдей құқықтық оқыту» атты кәсіподақ жобасын іске асыру аясында семинарлар өткізу мәселесін қарастырды.
Үйлестіру кеңесін қорытындылай келе Бердіғали Өмірәлі кеңес мүшелерінен бірлестік тарапынан жолданған тапсырмалардың орындалуын және уақытылы мәлімет беруін сұрап, алдағы уақытта еңбек адамының құқығын қорғап, оларға лайықты жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету жолында қатысушыларды ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды.