Ақпарат

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫНА КЕЛІП, МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП КЕТТІ

Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруда жұртшылықтың құқықтық мәселелер жөніндегі сұраныстарының шешім табуына ықпал ету маңызды екені белгілі. Осы орайда, партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен «Құқықтық көмек» жобасы қолға алынып, азаматтардың заң талаптарына қатысты сұраныстарына жауап алуда заңгерлерден кәсіби көмек алуға мүмкіндік беретін алаң болып қалыптасып отыр.
Мемлекет басшысы айтқан әділдік пен заңның үстемдік құруын осындай нақты істермен қамтамасыз етуде бүгін ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» жобасы аясында жеке сот орындаушыларға қатысты мәселелер бойынша тақырыптық қабылдау болып өтті. Республика көлемінде осы тақырып шеңберіндегі бірыңғай қабылдау күні болып белгіленген іс-шараға жеке сот орындаушылардан бөлек, Түркістан облыстық әділет және полиция департаменттерінің жауапты өкілдері де қатысты. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев келушілерге бүгінгі шараның мақсат-мұратын түсіндіріп, осында жиналған мамандардан заңгерлік кеңес алуға шақырды.
Тұрмыстағы түрлі түйткілдер азаматтардан сауатты құқықтық қимылдар жүргізуін талап етеді. Оның ішінде өз құқықтарын қорғауда түрлі инстацияларға жүгіну, талап-арыздар толтыру, отбасылық қарым-қатынас пен тұрғын үй, еңбек қатынастары салаларында заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамту мәселелерінде кәсіби заңгерлік көмекті талап ететін жағдаяттар көптеп кездеседі. Тұрғындардан сондай-ақ, банктердегі жеке шоттарының бұғатталауы, мүлікке иелік ету құқының шектелуі, алимент өндіру, несие қарыздарын өтеу мәселелері бойынша шағымдарын жиі білдіреді.
Түркістан қаласының тұрғыны Балнұр Бекболат жолдасы мен оның қарындасына ата-анасынан мұрагерлікке қалған үйді қарындасы толығымен ағасына беремін деп келіскенін, алайда, оған белгілі бір қаржы төленуі тиістігін айтады. Түркістандық тұрғын нотариустен осы мәселенің заңдылығын сұрады. Оған нотариаттық қызмет маманы үйді ағасының атына сыйға беру шарты бойынша өткізе алатынын, мұны өзінің туған бауыры беретіндіктен белгіленген қаржының 50 пайызы төленетіні жөнінде түсіндіріп берді.
Ал, бір кездері банкке берешегі болып, есеп шоттары бұғатталған, қазір банкпен толық есеп айырысқаннан соң бұғаттары ашылғанын, дегенмен тағы да несие алу кезінде қандай бір проблеманың алдынан шығып жүргенін айта келген Ақтоты Мадалиева әділет департаменті маманына жүгінді. Шағымданушы туралы деректерді зерделей келе оның бір банктегі есепшотының ашылмай қалып кеткені анықталды. Әділет департаментінің маманы осы жерде сот орындаушысымен байланысып, арызданушының есеп шотын ашып берді. Мәселесі бір сәтте шешілген тұрғын ризашылығын білдіріп қайтты.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында өткен қабылдауда осы тектес базынасын айтып, кеңес алуға келгендер көп болды. Қабылдаушылар әрбір азаматты мұқият тыңдап, барынша мәселесінің оңды шешімін табуына көмек берді.

Қатысты жаңалықтар

COVID-19: СОДА ЖӘНЕ СПИРТПЕН ИНГАЛЯЦИЯ ЖАСАҒАН ДҰРЫС ПА? (ВИДЕО)

azatmedia

САЙРАМ АУДАНЫНДА «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

azatmedia