Ақпарат

«Еңбек адамы» айдарының кезекті кейіпкері – Балтабаева Мухтабар

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Балтабаева Мухтабар Узбековна. Еңбек адамы Балтабаева Мухтабар Узбековна қазіргі таңда жалпы тәжірбиелі дәрігер болып жұмыс жасайды.  1985 жылы Ташкент  қаласында медицина білімін алған. Маман 1991 жылы Тәуелсіздікпен жарысып, университетті аяқтаған екен. Оқуды аяқтағаннан кейін Түркістан қаласына келіп, балалар ауруханасында жұмыс жасаған екен.

Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты емханада балалар дәрігері болып жұмыс жасайды.

Дәрігерді ауыл тұрғындары зор қуанышпен қарсы алады. Себебі, білікті маман, жақсы адам айналасына әрдайым сыйлы, құрметті. Осындай сыйластыққа, құрметке бөленіп жүрген дәрігер де бақытты болмақ. Өйткені, ол адамның жүрегіне жол таба білген жан.

Дәрігердің өмірлік ұстанымы – зейнеткерлік жасқа жетіп, одан әрі қарай да күш-жігерін халықтың денсаулығын түзетуге арнау. Өзін жақсы көретін тұрғындармен, ұжыммен бірге болу. Біліктілігін жастарға жол көрсетуге арнап, тәжірибесімен бөлісіп отыруды жөн санайды.

Бала түсіруден жылына 40 келіншек өлген. Балалар ауруының жалпы саны 5 миллионнан асьш кеткен. Әрбір 100 бала 95 түрлі ауру түрлерімен ауыруда. Ал 1993 жылы туған әр 1000 баланың 28-і шетінеген. Қазақстанда мерез ауруы 1990 жылмен салыстырғанда 77 есе өскен. Бекер обалы не керек, кезінде кеңестік жүйеде медицина саласы, әсіресе профилактикалық шаралар түрғысынан қарағанда, дүние жүзінде ең таңдаулылардың қатарында болатын. Осыдан тура жиырма жыл бұрын Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы өткізген конференцияға қатысқан белгілі ғалым-мамандар Қазақстандағы медицина саласының озықтығын атап айтқан да еді. Амал қанша, бүгінде ол деңгейімізді төмендетіп алғанымыз ешкімге де жаңалық емес. Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші-экстрасенстарге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре-сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бүзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегініз сыздап, қапаланып қаласыз. «Денсаулық — зор байлық» дейді дана хал-қымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық -адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтінімз өкінішті-ақ! Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес. Ол үшін әуелі диагнозын дүрыс қойып, сонан соң сабыр сақтап, тағаттылық танытып, байыппен емделу қажет. Еш уақытта тозған машинаның бөлшектері сияқты адам организмінің бір ғана мүшесі ауруға шалдықпайды. Оның машинадан айырмашылығы — барлық мүшелерінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, жоғарғы нерв жүйесі арқылы, адам миынын тікелей басшылығымен жүйелі жүмыс атқаратындығында. Адамның ішкі агзаларының жүйелі жүмысын қалып-тастырып, іске асыратын — оның миы мен нерв жүйелері болса, организмнің «жанармайы» -тыныс ағзалары арқылы қанға сіңетін және қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер) арқылы организмге тарайтын оттегі мен қоректік заттар: белок, май және көмірсулар (углеводтар). Ал гормондар мен витаминдер адам организмінде үздіксіз жүріп отыратын зат алмасу процесінің «катализаторы» болып саналады. Сонымен қатар адам организмінде керексіз немесе пайдасыз бірде-бір «бөлшек» жоқ екені де дәлелденіп отыр. Өкінішке орай, көптеген адамдар әрқилы «білгіштердің» ақыл-кеңесімен өздерінше түрлі ем-домын жасап, керексіз дәрі-дәрмектер ішіп, қашан төсек тартып қалғанша жүре береді. «Осы неліктен сырқатқа душар болдым?» деген сүрақ олардың ойына да кіріп шықпайды. Ал, егер, ой елегіне салып көрсек, бүл сүрақтардың жауабын табу оңай. Қай уақытта ұйықтайсыз? Қалай және немен тамақтанасыз? Жаяу көп жүресіз бе? Жұмыстан бос уақытыңызда қалай дем аласыз? Миыңыз шаршағанда, түнде ұйықтай алмағанда нендей шаралар қолданасыз? Арақ-шараппен және темекімен «достығыңыз» қандай? Осыларды ой елегінен өткізгенде ғана не себепті дертке ұшырағандығыңызды түсінесіз. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы — зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т.б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Медицинаның түпкі мақсаты да осы. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек. Ғылыми-техникалық даму қоршаған ортаны ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүру жағдайын да өзгертеді. Яғни, олардың жаңа жағдайға бейімделу қажеттілігі де артты. Дегенменадам организмінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен күресу шамасы әбден таусылғанда ғана барып, гипертония (қан қысымының артуы), жүрек инфаркты, невроз, вегетодистония, рак, қант диабеті және семіздік сияқты аурулардың пайда болатынын зерттеулер көрсетіп отыр. Адамдардың көпшілігі өз организмінің кез келген ауруға қарсы күресетін табиғи күші бар екенін ескере бермейді. Әрбір адам аурудың алдын алып немесе ауруды асқын-дырмай тұрып, табиғи күштерді толықтырып, шынықтырып, дер кезінде ауруға қарсы жүмылдыра білгені жөн. Өз организміне билік жүргізіп үйрену — кез келген аурудың алдын алудың бірден-бір кілті. Әрине, оған жас кезіңнен әрекет жасауың керек. Бүл тәсілді медицина тілінде — адамның өзін-өзі шынықтыру немесе тәрбиелеу тәсілі («аутогенная тренировка») деп атайды. Ол туралы орыс тілінде соңғы жылдары бірнеше кітаптар басылып шықты. Бірақ, өкінішке қарай, көп адам күнделікті тіршілікте өз организмінің осы қасиеттерін сақтап, дамыту орнына, керісінше, оған өзі қиянат жасайды. Тіпті кейбіреулері оны өздері бүлдіріп, организмнің бейімделген жұмысын берекетсіздендіреді. «Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді… Сол себепті адамзатты гигиеналық режимдерді аса бұзбай, дұрыс өмір сүруге баулып, сондай өмірдің қажеттілігіне көздерін жеткізу керек», -дейді белгілі ғалым, жүрек хирургиясының әйгілі маманы, академикН.М.Амосов. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой. Көпшілігіміз жас кезімізде бүл мәселеге көңіл бөлмей, есейген соң жалқаулықтың құрсауынан тағы босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Әрине, уақытысында емделмей, созылмалы болған сырқаттан айыға қою да оңай емес. Соның үшін де, тағы қайталап айтамыз, ауырып ем іздегенше, сау кезінде салауатты өмір сүріп, ауырмаудың жолын іздеген анағүрдым тиімдірек. Енді сол ауырмаудың жолдарына тоқтала кетейік. Қазір аурулар жайында әр түрлі кітаптар көп. Әсіресе кез келген кеселге «өз зәріңді іш» деп, ақыл айтқыштар көбейіп кетті және соны оңды-солды ішіп жүргендерді де білеміз. Дәрігер ретінде меніңайтарым: «адамның кіші дәретін тектен-тек «зәр» демегенін ескерген абзал, онда әр түрлі улы заттардың болатынын ұмытпаған жөн. Менің дәрігер ретінде бір байқағаным, әсіресе біздің халықтың, денсаулықжөніндегі сауаты шамалы. Сол себепті де кез келген ақыл-кеңеске сенгіш және содан өзі кейін зардап шегіп жүреді. Осыны ескеріп, жоғары оқу орындарында, бірінші курс студенттеріне, жоспарға енгізіп, «Денсаулық тағылымы» деген сабақ жүргізсе жақсы болар еді. Ол сабақта жастарға, теледидардан көріп жүрген «911»-дегі сияқты, денсаулық жайында сабақ беріп, өмірге қауіпті кезде қандай жедел медициналық көмек көрсету керек екенін үйретуге болады. Рас, бізде аурулар туралы кітаптар баршылық, бірақ денсаулық және салауатты өмір туралы кітап жоқ. Бар кітаптар: дене шынықтыру, диета, аутотренинг (өзін-өзі жаттықтыру), иогтар туралы ақыл-кеңестер береді. Әрине, бұлар аздық етеді. Қазір жасы сексеннен асқан, әйгілі кардиохирург, академик Н.М.Амосов өзінің «Раздумья о здоровье» деген кітабында денсаулық жайында мынадай тоғыз қағида ұсынады. 1 Аурулардың болуына көбінесе табиғат та, қоғам да кінәліемес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, ал кейде өзінің қисынсыз қылықтарынан ауырады. 2. Медицинаға сене бермеңіздер. Ол көптеген ауруларды жаман емдемейді, бірақ адамды сауықтырып та жібермейді. Әзірше ол тіпті адамды сау болуға да үйрете алмайды. Онын үстіне„дәрігерлердің қармағына түсіп қалудан сақ болыңыз! Кейде олар адамның әлсіздігі мен өз ғылымының қуат-күшін көтермелей, әсірелеуге бейім келеді және адамдарға жоқ ауруды таңып, өтеуге мүмкіндік жоқ вексельдер (міндеттемелер) береді. 3. Дені сау болуы үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлықтай күш жұмсау керек. Бұларды ештеңемен алмастыруға болмайды. Бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жұмсауда арта түседі. 4. Күш жұмсау мөлшері, негізінен, ынталандыру арқылы анықталады, ынталандырулар — мақсаттың маңыздылығымен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Өкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақындағанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Алайда әлсіз, баянсыз адамды өлім де ұзақ уақыт үрейлендіре алмайды. 5. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру! Өкініштісі, алғашқы шарттарсыз бақыт та денсаулықты баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға да құштарлық шамалы болады. Әттеген-айы осы. 6. Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр.Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз тіпті жақсы. 7. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың ұзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді. 8. Өзін-өзі босаңсыта білу де — ғылым, бірақ оған қосымша, мінез-құлықтың да тәуір (салмақты) болғаны дүрыс. Егер солай болса, қандай жақсы десеңізші! 9. Бақытты өмір туралы. Денсаулық отбасында да, жұмыста да бақытты болуға өз үлесін қосады, бірақ оны белгілей алмайды. Бір нәрсе ақиқат: ол — кез келген аурудың адамды бақытсыз ететендігі. Сонымен, денсаулық үшін күресу керек пе, жоқ па? Ойланыңыздаршы!!!» — деп қорытындылады сөзін.

Қатысты жаңалықтар

КЕЛЕС: АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТАЛ ЕКТІ

azatmedia

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН ІЗГІ ТАҢДАУ

azatmedia

Әйелді жүкті ету үшін ер адамдар қандай тамақ жеу керек? – маман жауабы

azatmedia