Ақпарат

ЕҢБЕК ЕЛЕНІП, АБЫРОЙ АСҚАН КҮН

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында, партиямыздың стратегиялық бағытын қолдап, оның бағдарламалық міндетттері мен жобаларын іске асыруға белсене атсалысқан, еліміздің өркендеуіне, мемлекеттілігі мен егемендігінің нығаюына қосқан еңбегі үшін бірқатар партияластарымызды марапаттау рәсімі өтті.
Партия филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев белсенділерімізді еліміздің ең басты мерекесімен құттықтай отырып, мемлекет егемендігінің жариялануы маңызы айрықша тарихи оқиға болғанын атап өтті. «Республика күні – бұл халқымыздың абыройын асқақ еткен мейрам. Ұлы даланың даңқты мемлекеттілік дәстүрін жалғап, еркіндік рухын сақтай отырып, жаңа әлемге жасампаз қадам басып келеміз», – деген Алтынсары Дүйсенбекұлы, елдігіміз жоғалмауын, Туымыздың тұғырдан түспеуін тіледі. Әр шаңырақта бақ-береке таси беруіне тілектестігін жеткізді.
Салтанатты жиын барысында партия беделін көтеруге, оның қызмет тиімділігін арттыруға және мемлекетіміздің дамуы мен қоғамның өсіп өркендеуіне қосқан елеулі үлестері үшін бір топ әріптестеріміз «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, белсенді партия қызметкерлері, бастауыш ұйымдардың өкілдері, қатардағы партия мүшелері «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың Құрмет грамотасына, партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібектің Алғыс хатына ие болды.
Мәртебесі биік мерекеде еңбектері еленіп, шынайы құрмет пен ізгі тілектерге ие болып жатқан әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, шаңырақ шаттығын тілейміз!

Қатысты жаңалықтар

Қазақтардың намысына тиген фильмнің жалғасы шықпақ: «Борат-2» туындысының түсірілімі басталды

azatmedia

ЖАҢА МАЗМҰНДАҒЫ ЭНЕРГОКЕШЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ

azatmedia

Қазығұрттық ауылдағы электр бағаналары жаңартылады

azatmedia