Қоғам

Қауіп-қатер төндіретін жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру

Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі. Алайда, олар өздерін адамның рухани қажеттіліктерін өтейтін, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесетін, рухтың мәңгілік екендігін түсіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған. Олар діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып пен дәстүрлі діндерді аяқ асты ететін радикалды ұйымдардың өз ойларын әртүрлі алдап-арбау тәсілдерімен жүзеге асыратынын жастар біле бермейді. Мұның соңы ел ішіндегі ынтымақ пен қоғамның тыныштығына, мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, лаңкестік әрекеттердің орын алуы әбден мүмкін.

Әрине, еліміздегі дәстүрлі діндердің бірегейлігі көптеген саяси, тарихи, әлеуметтік, этникалық және мәдени факторлармен байланысты. Бірақ, дәстүрлі ұлттық және әлемдік діндердің шеңберінен шығып кеткен, өз идеяларын, нышандары мен ырымдарын пайдалана отырып мақсатты құрылған, ұлттың өркениеті мен мәдениетін теріске шығарушы дәстүрлі емес діни ағымдар да өз ортамыздан көрініс табуда.

Ең алдымен әрбір дәстүрлі емес діни ағымдар бытыраңқы, жікке бөлінген, сырттан басқаруға оңай ортаны іздейді. Екіншіден, осындай ортада өзі өмір сүріп жатқан қоғамды ұнатпайтын адамдарды өз қармағына түсіруге әрекет жасайды, себебі, жаңа діни ағымдардың көпшілігі әлемді түбегейлі қайта құру жобаларын ұсынады. Күрделі өзгерістер жағдайында тұрақтылық пен жан тыныштығын табуға болатындығымен сендіреді. Үшіншіден, қабілетті жастарды көбірек өз санаттарына қосу. Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына тез еріп кетуі олардың жеке басының әлі де толықтай қалыптаспағандығын, сол себепті ергіш және жас санаға оңай әрі тез әсер ете алу жағдайына байланысты. Сондай-ақ, тұрақсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлар да жастардың радикалдар мен экстремистердің қатарына қосылуын арттыруда.

Дәстүрлі емес діни ағымдар мақсаттарын жүзеге асыру үшін өздеріне тиісті ақиқат сенімдерімен таныстырып қана қоймай, жан тыныштығын, гуманитарлық және материалдық, моральдық жәрдем бере отырып, діни-саяси, психологиялық, денсаулық сақтау, ағартушылық, ғылыми-танымдық, мәдени және басқа да іс-шаралар арқылы өздерінің ниеттерін жасырын насихаттап, түрлі қолдаулар арқылы жаңа мүшелерді тартып, өз жақтастарын арттыруда.

Олар арбау жұмыстарын іске асыру үшін алдымен адамдармен әңгімені сол адамның әлсіз проблемалық тұсынан бастайды, мысалы, отбасы мен неке туралы, материалдық қиыншылықтар туралы және т.б. Әдетте бұндай жағдайда әлсіздер, теңгерімсіз, ерік-жігері төмен, өз ісіне жауапсыз,  жұмысы жоқ, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтары бар адамдар. Бұл санаттағы адамдар үгіт-насихатқа тез ергіш келеді, сондықтан өз қармағына түсіру де оңай жүзеге асады. Сізбен бір рет кездесіп сөйлескен адамнан құтылу өте қиын, тіпті сіз жоқта бала-шағаңызбен сөйлесіп, олардың нәзік жан-дүниесімен жұмыс жасап, өздеріне оңай бауыр басқызуы мүмкін.

Дәстүрлі емес діни ағымның ықпалына түскен адамдар біраз уақыттан кейін саналы ойлау жүйесі тежеліп, «фанатқа» айналады. Фанатизм адамды  жақынына деген сүйіспеншіліктен айырады. Бір сенімдегі жаңа ортасын қуанту үшін өз еркімен материалдық құндылықтарын да сарп етіп, отбасын, жақындарын жақтастарынан төмен қояды. Демек әрбір дәстүрлі емес діни ағымдар өз мүшелерін жеке бас бостандығынан айырып, құндылықтары мен өмір сүру қағидаттарын өз ережелерімен бағындырады. Бұл дегеніміз адамның жеке басын шектеу, өз мүшелеріне жеке меншік затындай қарау. Өз ілімдері мен ережелерін таңып, адамды еркін ойдан айырып санасына әмір жүргізеді. Санасы, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің ара жігін ажырата алмайтындығы  белгілі.

Мұндай жағдайда жүрексіну сезімін ұмыттырып, қаһармандық деңгейді, өзіндегі шексіз күшті оңай сезіндіріп, өзін-өзі сақтау инстинктіне бағынбайтындай дәрежеге бейімдеп, өз мақсаттарына қолданып жатады. Дәстүрлі емес діни ағымдардың өмір сүру тарихында олардың жақтастарының да, осы ағымдарға қатысы жоқ бейбіт тұрғындардың да өлімі бірнеше рет болғандығын естіп, біліп жүрміз. Демек, дәстүрден тыс діни ағымдардың түпкі ниеті біреу-ақ, бейбіт отбасыны ойрандатып, қоғамның тыныштығын бұзып, дамыған немесе даму үстіндегі елді тоқырауға жіберіп, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізу арқылы билікке, басқару жүйесіне қол жеткізу.

Ендеше, біздің басты мақсатымыз, ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп-қатер төндіретін жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, ішкі тұрақтылық, ауызбіршілік, бейбітшілік пен тыныштық біздің басты ұстанымымыз екенін бойымызға сіңіріп, дәстүр мен имандылыққа негіздеп келешек жас буынды тәрбиелесек қай кезеңде де ұтылмасымыз анық! Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын адамдар қоғамымызда әлі де көптеп кезігеді. Заң аясында жұмыс істеу дәстүрлі діндерде қалыпты құбылыс, дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін бақылап отыруға тура келеді.

Соңғы кездері бұрын-соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі-түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды. Тіпті тыңдауға уақытың жоқтығын айтсаң да артыңнан қалмай діни брошюраларды ұсынып, өмір туралы өз қағидаларын судырата жөнеледі. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады.

Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады. Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі. Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады.  Мәселен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді.

Дәстүрлі емес діни ұйымдарындағыларға салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді. Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес. Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады. Әрине, белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашу-ызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті.

Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі. Алайда, олар өздерін адамның рухани қажеттіліктерін өтейтін, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесетін, рухтың мәңгілік екендігін түсіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған. Олар діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартады.

Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Қатысты жаңалықтар

Ордабасыда кәсіподақ белсенділері марапатталды

azatmedia

Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

azatmedia

В Шымкенте отметили День государственных символов

azatmedia