25-қазан Республика күні және Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің 90 жылдығына орай «Достық үйінде» этнос жастары арасында «Үш бәйтерек» атты байқау өтті. Іс-шара «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі мен аталған коледждің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауда қатысушылар «Сұлу сөздің сүлейі» сайысында Ілияс поэзиясының ішінен бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқудан, ал «Бейімбет, Сәкен мұрасы – дәуір шежіресі» сайысында Бейімбет пен Сәкеннің прозалық шығармасынан үзінді оқудан өз шеберліктерін паш етті. Әділ қазылар алқасының қатарында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов, байқауды ұйымдастырушы, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Ұлбала Дәріпбай, колледж әдіскері Мөлдір Құттыбай және оқытушы Айсұлу Матибаева сынды өз ісінің білгір мамандары болды. Байқау қорытындысында әділқазылардың шешімімен Дилноза Сайтова 1-орынға лайық деп танылса, Шахсанам Закиржанова 2-орынды, Диана Жаппарова мен Умида Каримжанова 3-орынды иеленді. Байқауға белсене қатысқан өзге де жастар Алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында байқауға қатысушылар мен ұстаздар жаңадан бой көтерген «Достық үйін» аралап көрді. Колледждегі “Достық” жастар клубының жетекшісі Дильноза Балгабаева «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұжымына алғысын жеткізіп, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу ісінде алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Алдынғы жаңалық