Ақпарат

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 маусымында облыс көлемінде «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі кең ауқымда өтілді. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары, денсаулық саласының ардагерлері және медицина саласының қызметкерлері қатысты. Жиында медицина саласындағы қызметкерлер «QazMed» cалалық кәсіподағының «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілері және «Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы мен «Алғыс хаттарына ие болды. Сондай-ақ, «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі облыс көлемінде үздік медицина қызметкерлері атанған конкурс жеңімпаздарына құрмет көрсетіп, ноутбук, теледидар сияқты бағалы сыйлықтармен марапаттап, денсаулық саласының ардагерлеріне сый-сияпат жасалды. Барлық медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНА 72 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

azatmedia

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia