Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазығұрт ауданында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсы өткізілді.Жанұя жылулығы мен татулығын, бірлігін, тәрбиесін айқындаған бәсекеге биыл жеті отбасы (Жүнісов Базарбай Жүнісұлы, Сәрсенбаева Ұлбосын Әйметқызы, Оразов Қаппарбек Ақжарбайұлы, Мамбетов Рахматулла Мамбетұлы, Мақұлбаев Бектұрсын Орынұлы, Жантасова Боранкүл Сахқызы, Пердеев Ойрат Мамырұлы) қатысып, құжаттарын өткізген болатын. Конкурс комиссиясы өткізілген құжаттарды зерделей келе, ауданға сіңірген еңбектеріне, отбасындағы ұл-қыздары мен немерелерінің жетістіктеріне назар аударып жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулетті анықтауда, бірлікті мақсат тұтқан «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының комиссия шешімі бойынша Б.Мақұлбаев, Р.Мамбетов, Қ.Оразовтар отбасылары жеңімпаз атанды.Атаулы Мерейлі отбасылар облыстық іріктеу кезеңіне берілетін жолдамаға ие болды.

Айта кетейік, елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні болып белгіленген. 

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілген болатын. Мереке қарсанында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық. Осы жылдың 1 мамырынан бастап конкурстың бірінші кезеңі басталды.

Байқауды өткізудің мақсаты:

  1. ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
  2. отбасыларды кәмелетке толған балаларының күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
  3. отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды ынталандыру;
  4. отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.

Аталған конкурстың өткізілуі бойынша биыл пандемия жағдайына байланысты өзгерістер енгілуі мүмкін.

Бұдан өзге мерекеге арналған іс-шаралардың жоғары идеялық-құндылық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру жұмыстары жүргізіледі. Қазақстанда отбасы институтын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, қалыптасқан ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттау мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі.

Қатысты жаңалықтар

Биыл Түркістанда да қауын-қарбыз бағасы аспандап тұр

azatmedia

Шалғайда жатқан ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

azatmedia

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ»

azatmedia