Ақпарат

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» : білім ордасында кездесу өтті

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өтті.Жиынға Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Турманова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бахтияр Абдураимов және кәсіподақ активі қатысты.Кездесу барысында еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелер, ұжымдық шарт және оның талаптарының орындалуы, еңбек заңнамалары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, әлеуметтік шиеліністің және еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы мәселелер талқыланды.Сондай-ақ, жиында кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Турманова бүгінгі күннің өзекті мәселесі елімізде АЭС салу мәселесі бойынша алдағы референдум туралы ақпарат беріп, қатысушылармен Қазақстанда атом электр станциясын салудың технологиялық және экологиялық аспектілерін талқылай келе, 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумда белсенді түрде дауыс беруге шақырды.Айта кетерлігі, бүгінде ұжымда жалпы 206 қызметкер жұмыс атқарады. Барлығы кәсіподақ мүшелігінің құрамында.

Қатысты жаңалықтар

БИТУМ ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚУАТЫМЫЗДЫҢ АРТУЫН ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

ЕЛ ҚОРҒАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

azatmedia