Ақпарат

«ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ» ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Жалпыға бірдей құқықтық окыту» атты кәсіподақ жобасын іске асыру аясында “Ерасыл-Бизнес” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев жұмысшыларға жұмыс орнында өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурушаңдықтан сақтану, қауіпті жағдайлардың алдын алу және оны жою мәселелері туралы айтып, әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарына сай жұмыс барысында жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге құқылы екендігін айтып өтті. Бұдан басқа, Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен 2024 жыл «Лайықты еңбек жылы» деп жариялануына орай, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбеккерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен оларды лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу, еңбек қатынастарын реттеу бағытында атқарып жатқан жұмыстармен таныстырып, облыс аумағындағы кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында қатысушыларды кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды. Сонымен қатар, төраға орынбасары Қазақстанда АЭС салу мәселесіне кеңінен тоқталып, барша серіктестік жұмысшыларын 6 – қазан күні Жалпыхалықтық референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Қатысты жаңалықтар

БИТУМ ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚУАТЫМЫЗДЫҢ АРТУЫН ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

Қазақстанда балабақшалар әзірге ашылмайды

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ

azatmedia