Ақпарат

ЕҢБЕК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Елімізде «Еңбек күні» мерекесі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің бастамасымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі болып белгіленген.Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты еңбек өнімділігін ынталандыру, еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.Еліміздегі ең ірі бұқаралық қоғамдық ұйым ретінде «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарын осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтайды!Барша еңбеккерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз! 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛ ЖӘНЕ ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: СУ АЙДЫНДАРЫНДА ОҚЫС ОҚИҒА ТІРКЕЛМЕГЕН

azatmedia

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДА МАҒЫНАЛЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

azatmedia