Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ШЫМКЕНТ: СУ АЙДЫНДАРЫНДА ОҚЫС ОҚИҒА ТІРКЕЛМЕГЕН

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушысы, полковник Е.Бахаев пен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басшысының уақытша міндетін атқарушысы Қ.Арслановтың қатысуымен қаламызда енгізілген карантин уақытында суға шомылу маусымы мен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша баспасөз брифингі өтті.

Брифингте ең алғаш сөз алған Ерғали Жарасбекұлының айтуынша, Шымкент қаласында шомылуға рұқсат берілген бес демалыс орны бар. Бұл су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Карантин енгізу кезеңінде адамдардың жаппай демалатын барлық орындарының қызметі тоқтатылуына қарамастан, қаладағы «Тоңазытқыш» демалыс аймағы, «Рахат Бадам» демалыс аймағы, Қошқар ата өзенінің бастауы (бұлақ), Шымкент мемлекеттік дендрологиялық паркіндегі көл және «Жайлаукөл» демалыс аймағында үгіт жұмыстарды белсенді түрде жүргізілді. Яғни, бірлескен рейдтер мен ат патрулі ұйымдастырылып, билбордтар, тыйым салатын белгілер орнатылды. Одан бөлек, жадынамалар мен парақшалар таратылуда. Нәтижесінде, қалада бүгінге дейін су айдындарында қаза болу оқиғасы тіркелген жоқ. Сондай-ақ, суға шомылу маусымы басталғаннан бері Шымкент қаласы ТЖ департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері Түркістан облысында 21 рет іздестіру жұмыстарын жүргізді. Судан 16 батып кеткен адамның, оның ішінде 3 жасөспірімнің денесін алып шықты. Барлық жазатайым оқиғалар шомылуға тыйым салынған жерлерде болған, – деді Е.Бахаев.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

azatmedia

Қарызға әбден батқан қыз баласын сатып жіберді (видео)

azatmedia

Рақымов ауылының еріктілері жарап тұр

azatmedia

Пікір қалдыру