Ақпарат

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДА МАҒЫНАЛЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.Осы мақсатта бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Арыс қалалық халықтық штаб өкілдері Е.Молдабаев және С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінде, сонымен қатар Абай атындағы орталық кітапхананың ұжымдарымен кездесті.Кездесулерге штаб басшысы, қалалық партия филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, штаб мүшелері «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мөлдір Сарыпбекова және «Ақаба сервис» ЖШС кеңесшісі Еркін Сарбасов қатысты.Штаб өкілдері арыстықтармен кездесуде энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы атап өтті. «Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болмақ. Бүгінгі таңда дүние жүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде»,–деп атап өтті Бақтығали Ділдәбеков.Сондай-ақ, штаб мүшесі Мөлдір Сарыпбекова Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған басты саясат – халық үніне еститін мемлекет құру. 6 қазанда өткелі жатқан референдум соның бір айғағы. Біз сіздерге АЭС салуға келісіңіздер деп айтқалы тұрған жоқпыз. Мақсатымыз – жаңа бастаманың елге, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін пайдасын жеткізу, түрлі алып-қашпа әңгімелердің алдын алу. Сонымен қатар болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізетін, энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік болатын жобаны жан-жақты таныстыру. Ал, референдумда кім қандай таңдау жасаймын десе де өз еркінде екендігін жіті түсіндірді.Сонымен қатар, штаб өкілдері АЭС-тің артықшылықтары, экономикалық пайдасы жайында ақпараттармен бөлісті. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріп, оларды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.Сонымен бірге, Халықтық штаб өкілдері бүгін Түркістан қаласындағы еңбек ұжымдарымен түсіндіру кездесулерін өткізді. Жиын барысында энергетика саласындағы инновацияларды дамыту бағытындағы жаңалықтарға шолу жасалып, атом энергетткасына байланысты ғылыми байламдар жөнінде ақпар берілді.Түркістан қаласының музыкалық драма театры мен «Ұлы дала елі» орталығында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерімен өткен жиындарда еліміздің энергетика кешеніндегі бүгінгі ахуал таразыланды. Энергокешенді жаңарту мүмкіндіктері туралы пікірлер айтылып, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы экологияға зиянды көмір энергиясының үлесін азайту септесетініне мән берілді.Қазақстан үшін АЭС құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болатыны мәлімделді. Қазіргі кезде элнктр қуатының тапшылығы елдің оңтүстік аймақтарында айқын сезіліп жатқаны айтылып, жетіспейтін электр қуатының қажетті көлемі солтүстіктен келетін ағынмен жабылып отырғаны жария етілді.Мәдениет саласының өкілдері қолға алынып жатқан бастаманы қолдайтындықтарын білдіріп, радиациядан келетін қауіпті болдырмас үшін станция құрылысында жаңа технологиялардың қолданылуын қоғам болып бақылаудың маңыздылығына назар аударды. Елдің болашағына қызмет ететін прогрессивті идеяның жүзеге асуына қоғам болып үлес қосуымыз керек екенін білдірді. 

Қатысты жаңалықтар

«Жыныстық сауаттылық туралы оқытылады»: Ақпарат министрлігі

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

azatmedia

40 млрд-қа жуық жалақы алатын адам белгілі болды

azatmedia