Ақпарат

Еңбек адамына құрмет

Жандос Шайдулла 1978 жылы 15 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы бойынша Көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер басқармасында инспектор лауазымынан бастаған.2005-2011 жылдары Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) Көлік бөлімі мен Экономикалық қылмыстарды ашу бөлімдерінде аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор, 2011 жылдан 2020 жылға дейін «КГ Кредит» МКҰ ЖШС-де директор, Құқықтық жұмыс жөніндегі Оңтүстік өңірлік дирекциясы бойынша экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы қызметтерін атқарған.2020 жылдан бастап қазіргі уақытта «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келеді.Қызмет атқарып келе жатқан жылдары өзінің барлық күш-жігерін, білімін және тәжірибесін жұмылдыра отырып, өңіріміздегі кәсіподақ саласын дамытуға өз үлесін қосуда.Атқарған еңбектері бағаланып, әр жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған.Осы орайда Түркістан облыстық Кәсіподақтар орталығының атынан өңіріміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген кейіпкерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасына амандық және жұмысына табыс тілейміз!

Қатысты жаңалықтар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

azatmedia

ТӨРТ МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛДАДЫ

azatmedia