Ақпарат

ЕҢБЕК АДАМЫ

Моминова Зулпия Ергешқызы 1967 жылы 2 тамызда киелі Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1987 жылы «Қазпошта» АҚ Шымкент қалалық бөлімінде оператор қызметінен бастаған. 1988 жылы «Қазпошта» АҚ Түркістан аудандық пошта торабына ауыстырушы байланыс бөлімшесінің бастығы болып тағайындалған. 1997 жылы бас қазынада бас кассир болса, 2000 жылдан қайтадан ауыстырушы байланыс бөлімшесінің бастығы болған. 2009 жылы Бақылау бөлімінің бастығы, содан 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының Бақылау бөлімінің бас маманы қызметін ойдағыдай атқарып келеді. Ұжым арасында сыйлы. Қызмет атқарып келе жатқан жылдары Зулпия Ергешқызы жұмыс барысында өзін білікті, іскер, тәжірибелі және талапшыл басшы ретінде, бұған қоса өзінің барлық күш-жігерін, білімін және тәжірибесін жұмылдыра отырып, өңіріміздегі пошта саласының дамуына өз үлесін қосуда. Көп жылғы еңбегі үшін «Қазпошта» АҚ-ның Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталған.

Қатысты жаңалықтар

НАУҚАСТАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ

azatmedia

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады?

azatmedia

Қазақстанда балабақшалар әзірге ашылмайды

azatmedia