Ақпарат

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаз – ұлы тұлға. Олар білімнің шамын жағып, әрбір шәкірттің жүрегіне ізгілік пен даналықтың дәнін себеді. Ұстаздар күні – бұл ұстаздарға деген ерекше құрмет пен алғыс айтатын күн.Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың Алғыс хаты табысталды. Бұл марапат білім беру саласындағы ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбектеріне берілген лайықты марапат. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың қоғамдағы маңызды рөлін айшықтап, олардың білім мен тәрбие беру ісіне қосқан үлестерін мойындау мақсатында ұйымдастырылып, берілген марапаттар ұстаздар қауымына зор рухани қолдау көрсете отырып, жастарға үлгі болары сөзсіз.Жиынға келген әр ұстаз өздерінің шексіз алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

«Еңбек адамы» айдарының кезекті кейіпкері – Балтабаева Мухтабар

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БАТЫСТЫҚТАРМЕН БІРГЕ

azatmedia