Спорт

ҚАЗЫҒҰРТ ЖАСТАРЫ «ЖАСТАР СЛЕТІ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ” АТТЫ ЖАСТАР СЛЕТІНДЕ ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шардара аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру, республикалық, облыстық сайыстарға шыңдау мақсатында облыстық «Жастар слеті: Тәжірибе алмасу алаңы” атты жастар слеті өтті.

Шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан мен Түркістан облысы тергеп тексеру департаментінің аға офицері Қарсыбай Гүлзия, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар, жастар ұйымдарының басшылары, облыс, аудан, қаладан келген жастар орталғының қызметкерлері, ерікті жастар қатысты.

Аталған шараға 200-ге жуық облыс жастары қатысып Шардара ауданының тарихы көрсетілген көрмені тамашалап, жастарды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып,шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке, жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында командалық 4 кезеңнен тұратын эстафеталық сайысқа қатысып, құмнан қалашық тұрғызды.Командамызбен бірге әр кезеңнен сүрінбей өтуге тырыстық. Қатысушылардың жеңіске деген ынтасын көріп, біз де жігерлене түстік. Осындай жастардың бірлігін нығайтатын сайыстар көбірек болса деген ойдамын, жарыстар өте қызықты өтуде, – деді сайысқа Мақтаарал ауданынан келген қатысушы Жасұзақов Есімхан.

Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар тізімі төмендегідей:I орын – Қазығұрт ауданы жастары (150 000тг)II орын – Сарыағаш ауданы (100 000тг)III орын – Келес ауданы (70 000тг)Сонымен қатар қатысқан командаларға арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді.Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 

Қатысты жаңалықтар

Қазақ-қырғыз «Көкпар» Федерацияларының басшылары кездесті

azatmedia

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ТЕННИСШІ ЗАҢҒАР НҰРЛАНҰЛЫ ЕЛ ҚҰРАМАСЫ САПЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

azatmedia

АСЫҚ АТУДАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

azatmedia