Спорт

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК ЖАС ТЕННИСШІ ЗАҢҒАР НҰРЛАНҰЛЫ ЕЛ ҚҰРАМАСЫ САПЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында, «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек», деп атап өткен болатын. Салауатты өмір сүру дегеніміз, ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.

Үлкен теннистен Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша әлем чемпионатына жолдама алған төрт команда анықталды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандықтар ширек финалда әлемдегі үздік құрамалардың бірі – Аустралияны ұтты.

Шымкенттегі турнирде Қазақстан құрамасы сапында Түркістан өңірінің тумасы Заңғар Нұрланұлы ел намысын қорғап, шеберлігімен көпшілікті тәнті етті. 14 жасар үздік теннисші Бәйдібек ауданында туып-өскен. Спорттағы ең алғашқы қадамын 4 жасында Түркістан өңірінде бастаған.

Бүгінгі ойын барысында Заңғар Нұрланұлы Лахлан Макфадзенді 5:7, 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін Әмір Омарханов Джейк Дембоны жеңді – 6:2, 6:3. Осылайша, 16 жасқа дейінгілер арасында күзде Испанияның Кордоба қаласында өтетін командалық әлем чемпионатында Қазақстаннан қыздармен қатар ұлдар құрамасы да алғаш рет өнер көрсетеді.

Жас та болса талантымен талайды таңғалдырып жүрген түркістандық спортшы Заңғар Нұрланұлы қазір Еуропа рейтингінде үздіктер қатарында тұр. Венгрия, Франция және өзге де мемлекеттердегі додаларда жеңіске жеткен. Ол өткен жылы Түркістан қаласындағы халықаралық тениис орталығының ашылуына қатысқан болатын.

Айта кетейік, Шымкентте бүгін Оңтүстік Кореямен өтетін жартылай финалдық матч ештеңені шешпейді. Өйткені Қазақстан, Оңтүстік Корея және Жапония әлем чемпионатына жолдама алды. Төртінші жолдама иесі Өзбекстан мен Таиланд арасындағы кездесуде анықталады.

Қатысты жаңалықтар

Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтай ма?

azatmedia

ТҮРКІСТАН: 5 ЖЫЛДА 45 СПОРТ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

«Астана» командасының бас бапкері қызметінен кетті

azatmedia