Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АҚПАРАТ САЛАСЫ МАЙТАЛМАНДАРЫМЕН СЫР СҰХБАТ ӨТТІ

Байланыс және ақпарат құралдары халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарату арқылы елді ақпараттық жағынан күшейтетін қажетті құрылым. Бүгінгідей ақпараттық заманда халықтың БАҚ өкілдерін төртінші билік иелері деп дәріптеуі де бекер емес. Журналистер – қоғамдық сананы қалыптастыруға, мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатын қалың бұқараға насихаттауға, қоғамда орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерді сынға алып, оны жедел ретке келтіруге әрдайым ұйытқы болады. Сол арқылы демократиялық қоғамның дамуы мен Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүр.

Осы бағытта журналистиканың қоғаммен байланысын нығайту, ақпарат саласы қызметкерлерінің жұмысының қыр-сырын халыққа түсіндіру және көпшілік оқырманға аға буын журналистердің өмір жолын үлгі-насихат жасау мақсатында Қазығұрт аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «БАҚ және қоғам» атты рухани іс-шара өтті. Сыр сұхбат форматында өткен рухани кештің негізгі қонақтары ретінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі – Дулат Назарбекұлы Әбіш және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы», «Ақпарат саласының үздігі», «Еркін-ой» газетінің редакторы, жерлесіміз – Балтабек Исақұлы Түйетаевтар арнайы келді.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы, Ордабасы және Бәйдібек аудандарынан өзге де қонақтар келіп қатысты.Көпшілік оқырман қауымның, аудан ардагерлері мен әжелерінің қатысуымен өткен бұл шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, қадірлі қонақтар және сыр сұхбатқа қатысушы аудиториямен игі ниеттерімен бөлісті. Рухани кеш барысында жақында Пайғамбар жасына толған жерлесіміз Балтабек Түйетаевқа қазақтың салтына сай сый-құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.

Ауданға арнайы келген бұл кештің қадірлі қонақтары, ақпарат майданының майталмандары алдымен кітапхана ұжымының ұсынған көрмесін, бейнежазбаларын тамашалап, өз оқырмандарымен әдемі сұхбат құрып, сырласып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, естелік фотоға түсті. 

Қатысты жаңалықтар

ЖЫЛДАҒЫ СЦЕНАРИЙ

azatmedia

ОТЫРАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ 53 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

azatmedia

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

azatmedia