Ақпарат

МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жеке жұмыс жоспарына сай Көкібел және Сарапхана ауылдық мәдениет үйлерінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Атаулы екі мәдениет үйі де 200 орындық.

Нысан басында аудан әкімі Азизхан Азимханұлы, «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы» екенін айтып, – Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз, – деп ойын жеткізді. Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігермен кездесіп атқарып жатқан ісіне оң баға берді. Басты міндет құрылыстың сапалы аяқталуында екенін айтып, қосымша ақтау, сырлау, кейбір заттарды орнату секілді біршама ұсыныстарын жеткізді.

Аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына аудан көлеміндегі барша ауылдық мәдениет үйлерінің құрылыс жағдайын анықтап баяндауды, арасында жөндеуді қажет ететіндері болса бюджет жағдайына қарап ұсыныс беруді тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ КЕЛДІ

azatmedia

ҰБТ-да мұғалім талапкерге тест сұрақтарына көмектескен (видео)

azatmedia

Сарыағаш: Жемісті аулдық округінде тұрғындарға екпе салу 96 пайызға орындалған

azatmedia