Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Тарихты білмей болашаққа нық қадам болмайтыны белгілі. Сондай-ақ, әр елдің өз тарихынан сыр шертер – тарихи жәдігерлері болады. Ондай бұйымдар бүгінде жергілікті музейлерде жиналып орналастырылады.Бұл бағыттағы істердің маңыздылығын ескере отырып Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аудандық музейдің жұмысымен танысу үшін арнайы барды. Төл тарихымыздан сыр шертетін тарихи жәдігерлерді, салт-дәстүрге сай әшекей бұйымдарды, Ұлы Отан соғысынан қалған ескі қарулар мен заттарды көріп, музей ісіне баға берді.

Музей басшылығының маңызды мәселелерін тыңдап талқылады.Қазығұрт аудандық музейінің көрмесінде өңірдегі тіршіліктің пайда болу тарихы, суда тіршілік еткен түрлі жәндіктердің тістері, орта ғасыр кезеңінің монеталары және этнографиялық бұйымдар көрініс тапқан. 

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМДА 800 ОРЫНДЫҚ ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕП ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

azatmedia

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ROBOPARK ЛИГА X ЖАРЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

azatmedia