Ақпарат

БІЛІМ БЕРУ ІСІНДЕ БАЙЫППЕН ҚАРАЙТЫН ТҮЙТКІЛ КӨП

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің және партияның өңірлік филиалы жанындағы білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы болып өтті. Партиялық қызметтің негізгі құрылымдары бірігіп өткізген жиында маңызды сала – облыстың орта білім беру жүйесінің жай-күйі таразыланды.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев ашып, жүргізген жиынға партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов, партия филиалы жанындағы білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Жанар Темірбекова, аталған комиссия мен кеңестердің мүшелері қатысты. Бірлескен жиында партияның Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармағы боп енген «Сапалы білім беру үшін жағдай жасау» міндеттемесін орындауға арналған индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы қарастырылды.Қоғамдық маңызға ие мәселе бойынша партия өкілдері алдында есеп беруге орынбасарын жіберіп, өзі келмей қалған Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Махамбетовтың қызметіне жиынға қатысушылар сенімсіздікпен қарайтындарын жеткізді. Мектептердің жөндеуден өткізілуі, орта білім беру ұйымдарындағы асханалардың жұмысы, оқушыларды ыстық тамақпен қамтудағы талаптардың орындалуы, педагог кадрлардың бюджет есебінен шет елдерде тәжірибелерден өтуі, мектеп әжетханаларының дайындығы мәселелерінде түйткілдер бар екені айтылып, партиялық бақылау мен қадағалаудан өткізу мәселелері қозғалды. Жекеменшік білім беру ұйымдарындағы білім сапасын қадағалауда да өзекті мәселелер бар екені айтылды.Партия өкілдерінің сауалдарына жауап берген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова облыстағы білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары, пән кабинеттерінің жабдықталуы, оқулықпен және интернетпен қамтылуы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстарының атқарылуы жөнінде есеп берді. Жиынның қорытынды құжатын қабылдаған партия өкілдері Түркістан облыстық білім басқармасының есебін жүргізілген партиялық бақылау мен қадағалау жұмыстарының нәтижесімен қайта қаралатындығын мәлім етіп, бұл бағытта кешенді зерделеу жұмыстары атқарылатын болды.

Қатысты жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ САУРАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

НАУҚАСТАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ

azatmedia

Түркістан облысының өнерпаздары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысады

azatmedia