Ақпарат

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай, бүгін, Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан «Батыр бабалар аллеясында» аудан әкімі Азизхан Исмаилов бастаған барша аудан активі, Ардагерлер кеңесі мүшелері, Ауған соғысы ардагерлері, түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің қатысуымен ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Атап айтқанда, «Мәңгілік алау» жағылып, Ұлы Отан соғысы, Семей, Тәжік-Ауған және Карабах қақтығыстарының құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, жиналған жұрт соғыс зардабын көрген, елін-жерін қорғаған батырлар мен еліне оралмай майдан даласында қаза болған барша отандастарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Сонымен бірге, мерекеге орай Қазығұрт ауданы әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Омаров Аманбай Жанұзақұлы және аудандық Полиция бөлімінің басшысы Алмас Сұлтанұлы 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында, ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің шаңырақтарын аралап, арнайы құттықтау арқылы жылы лебізін білдірді.

Атап айтқанда, 1923 жылы туылған Жұмабаев Әкімбай, 1922 жылы туылған Жүзеев Исабай, 1926 жылы туылған Мырзахметов Анарбай ақсақалдарды құттықтап, ұрпаққа үлгі болар ерліктерін еске алып, ешкімнің ешқашан ұмытылмайтынын сөзге тиек етті. Сондай-ақ, арнайы сый-сияпат жасап, баршасы үшін үлкен алғыс білдірді.

Қазығұрт ауданының әкімі аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. «Қадірлі Отан қорғаушылар!Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – 32 жыл толуымен құттықтаймын!

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған Отан қорғаушыларымыздың айбыны арта берсін!Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні бекер емес. Себебі, бұл күн – ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісі болған, отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым ететін күн.Жеңіс күні аға буынның Ұлы Отан соғысы кезінде от кешіп, Отанымызды қорғап көрсеткен ерлігін еске алып, жас ұрпаққа үлгі ету болса, Отан қорғаушылар күні бүгінгі сол жас ұрпақты мемлекетіміздің тыныштығын қорғауға тәрбиелеу болып табылады.

Қадірлі Қазығұрттықтар!Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» делінген аудан әкімінің құтықтауында.  

Қатысты жаңалықтар

Ауылшаруашылығы мәселесі

azatmedia

Әрбір қазақстандық шетелге 9 мың доллар қарыз ба? – министрлік жауабы

azatmedia

Патерналистік моделінің ерекшелігі

azatmedia