Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
- Егер Сізде немесе көршілеріңізде өрт орын алған болса, өртке қарсы қызметті шақырыңыз. Диспетчерге келесі ақпаратты хабарлауға дайын болыңыз:
- нақты мекенжайы (көше атауы, үй нөмірі, кіреберіс, қабат);
- өрт ошағының орны (пәтер, дәліз, жертөле, шатыр);
- егер жағдай мен уақыт мүмкіндік берсе, кім қоңырау шалып жатқанын, телефон нөмірін атаңыз және диспетчердің сұрақтарына жауап беріңіз;
- егер жараланғандар мен зардап шеккендер болса, олардың саны мен алған жарақаттарының сипатын атаңыз;
- қажет болған жағдайда жол және кіреберіс нұсқаларын түсіндіріңіз.
- Газды жабыңыз.
- Бөлмені токтан ажыратыңыз.
- Түтін басқан бөлмелерден адамдарды көшеге шығарыңыз.
- Терезелер мен есіктерді жабыңыз.
- Өрттің таралуы туралы көршілерге хабарлаңыз. Әрекеттер дүрбелең тудырмауы керек.
- Адамдарды бөлмеден шығарып, ықтимал эвакуациялау туралы ескерту қажет. Егер кіреберісте автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылған болса, үйдің барлық тұрғындарын хабардар етуді жылдамдату үшін оның іске қосылуын қамтамасыз етіңіз.
Егер жану ауқымы отты өз бетінше жеңуге мүмкіндік берсе, өртті өз күшіңізбен сөндіруге әрекет жасай аласыз. Ол үшін қол жетімді өрт сөндіру құралдарын: өрт сөндіргіштерді, өрт крандарын, су құбырынан алынған суды, мақта көрпені пайдалану қажет.
Тұрмыстық электр аспаптары жанған кезде ашаны розеткадан шығарып, оны тоқтан ажырату керек. Егер мұны қауіпсіз ету мүмкін болмаса, Сіз автоматты өшіру немесе электр панеліндегі тығындарды бұрап, бөлмені толығымен өшіруіңіз керек. Газ құбыры болған кезде, әсіресе, егер өрт ас үйде басталса, газ беруді жабу қажет.
Назар аударыңыз! Егер жағдай бақылаудан шықса, бөлмеден шығыңыз! Мүмкіндігінше барлық терезелерді және міндетті түрде кіреберіс есікті жабыңыз. Бұл оттегінің ағынын баяулатады және өрттің тез таралуына жол бермейді.