Мәдениет

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: Ысмайыл Ата кесенесі

Ысмайыл Ата архитектуралық кешені (ХІІ-ХVғғ.) – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылының оңтүстігінде, ескі мазарат ішінде, ауылдың бас көшесінің бойында орналасқан. Оның шағын аулаға қараған негізгі кіре берісі және ғимараттардың әрқайсының сәулеттік құрылыстарының аулалық компазициясы архитектуралық әдісте, қайталанбас үлгіде салынған. Ауласының пішіні желпеуіш тәрізді болып келген. Мешіт және бірқатар кесенелердің шатырлы жабындысы жергілікті Түркістан сәулет мектебінің үлгісінде ерекше көрініс береді.Бұл сәулеттік кешенге жалпы алты ғимарат кіреді. Олар: Ысмайыл ата кесенесі, Қошқар ата кесенесі, Мешіт, Шілдехана, Жәбірейіл ата кесенесі мен кіре беріс Қақпа.Ысмайл ата кешені ең алғаш 1976 жылы мемлекеттік қарауына алынып, тарихи-мәдени мұра объектілерінің мемлекеттік тіркеуіне енгізілген. Ысмайл ата кешеніне 2003-2006 жылдары мәдени мұра бағдарламасы бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Шатырлы жабылған кесене құрылысына төртбұрышты пішіндегі күйдірілген кірпіштер пайдаланылған. Орта Азия және Қазақстанның дәстүрлі монументті сәулет өнеріне тән орталық бөлмені қамтитын күмбезі төрт дуал кеістігіндегі аркаға сүйеніп орнатылған. П-тәріздес негізгі кіре беріс фасады сүйір қуысты жақтаумен көмкерілген. Ғимарат қасбеттерінің сәндік жабдықтарында қарапайым элементтер пайдаланылған – 2 қатар қыштан өрілген белбеулер құрылыстың барлық қабырғаларын қамтиды. Төртбұрышты жобада салынған кесененің төрт бағытында он алты бұрышты болып өрілген қабырғаларының жоғарғы жағы шеңберге ұқсас. Күмбезі конус пішінді, ағаштан жасалған есігі арка тәріздес орналасқан. Ескерткіштің жалпы көлемі 8,21х8,124 м, биіктігі 3,7 м.Ысмайыл ата ХІ ғасырда өмір сүрген ислам дінінің уағыздаушысы болған, өзі осы жерде жерленген, бұл кісі Қ.А.Яссауйдің әкесі болған Ибрагим атаның ағасы деген деректер кездеседі.Әбубәкір Диваев: «Ибрагим атаның ұлы Қазірет Ысмайл ата Қосмола деген үлкен таудың батыс жағында Тұрбат деген жерде тұрған» деп өз еңбегінде көрсетеді. Ал, Атақты ақын Әлішер Науай өзінің «Насоим ул-мухаббат» атты еңбегінде «Ысмайл ата Қожа Ахмет Яссауйдің Ибрагим ата атты інісінің ұлы болған» деп жазады.  

Қатысты жаңалықтар

Домбыра күніне орай бірқатар шаралар өткізілді

azatmedia

«КҮМІС ДОМБЫРА»: АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ АЙТЫС ӨТТІ

azatmedia

«Нағыз қазақ-домбыра» атты Қазығұрт аудандық күйшілер байқауы өтті

azatmedia