Мәдениет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АРДАГЕР ӨСИЕТІ» ЖАСТАР МАРАФОНЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА КЕЛІП ЖЕТТІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Ардагер өсиеті» жастар марафоны Қазығұрт ауданына келіп жетті. Аталған марафон – жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ел тарихын ұлықтау, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай соғыс және тыл ардагерлеріне тағзым ету мақсатында қолға алынған игі бастама.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жалғасын тапқан бұл марафонды орталық басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов киелі Қазығұрт өңіріне жеткізді. Ол ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Жұмабаев Әкімбай және Мырзахметов Анарбай аталарымызға арнайы барып, құрмет көрсетіп, марафон аясындағы символдық «Өсиет хатын» табыстады.

Сондай-ақ Қазығұрт аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Бақытжан Жапбарқұлов марафонның маңыздылығына тоқталып, бүгінгі ұрпақтың бейбіт күнде ғұмыр кешуі жолында қан майданда қолына қару алып жеңісті жақындатқан ардагер аталарымызға алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Ардагер өсиеті» марафоны маусым-қыркүйек айлары аралығында еліміздің барлық өңірін аралап шығып, өз мәресіне Астана қаласында жетеді. Соңғы нүктеде өсиет хат арнайы қорғалып, елордада сақталатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени сәулет кешендері туралы

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

azatmedia

«ДЕПУТАТ ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛЫП ЕДІМ»

azatmedia