Ақпарат Жаңалықтар Спорт

Түркістан облысының өнерпаздары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысады

Биыл қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Аталған шараға спортшылардан бөлек, облысөнерпаздары да атсалыспақ. Онда үздік қолөнер шеберлері өнімдерін ұсынып, ақындар айтысы, салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымдар сахналады. Өңірдің туристік әлеуеті таныстырылады. Концерттік бағдарлама ұсынылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісте баяндалды. Өңір басшысы жоспарлы іс-шаралардан бөлек, ерекше форматта тың серпіліс керектігін айтты.

– Түркістанға бүгінде тек еліміздің ғана емес, әлемнің әр түкпірінен қызығушылық білдіруде. Сондықтан да бізге келуші азаматтар өңіріміздің рухани-мәдени өмірімен танысады. Ол үшін тек облысорталығында ғана емес, әрбір аудан, қаланың өз бренді болуы тиіс.

Рухани астанамыздың төріндегі барлық іс-шарадан ұлттық бояудың, төл өнердің бөлшегі алыстан байқалып тұрғаны жөн. Алдағы уақытта іс-шаралар мазмұнына баса назар аударып, қайта қараңыздар, – деген облыс әкімі жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеді.

Қатысты жаңалықтар

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДА МАҒЫНАЛЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

azatmedia

Прошла встреча глав казахско-кыргызских федераций «Кокпар»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

azatmedia