Қоғам

«Дені сау ұрпақ-дені сау болашақ»

Оқушылар үйі-өнер мен білім ордасы. Еліміздің жеткіншектерінің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына мектептен тыс білім беру ұйымдары мен тәрбиенің тигізер үлесі зор. Ордабасы аудандық Оқушылар үйінің педагогикалық ұжымы тәрбиеленушілерінің дарынды болып өсуі мен өмірлік қабілеттілігін дамыту үшін түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып шығармашылық дамуына қызмет етіп келеді.«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылы» Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің қолдауымен, аудандық оқушылар үйінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2024 жылдың 8 сәуір күні «Дені сау ұрпақ-дені сау болашақ» ұранымен денсаулық фестивалі кең көлемде өткізілді.Фестиваль барысында Қажымұқан аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларын қарсы алып, «Бейнелеу» үйірмесінің жетекшісі М.Болатова оқушыларының сурет көрмесімен таныстырудан бастау алды. «Театр және өнер» үйірмесінің жетекшісі А.Нускабаева салауатты өмір сүру салтын насихаттау, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Зиянды әдеттерден арылу» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Сонымен қатар, «Жас таланттар» үйірмесінің жетекшісі Ғ.Кемелбек пен «Бұраң бел» үйірмесінің жетекшісі М.Сопбекованың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға ұласып, «Сауат ашу» үйірмесінің жетекшісі С.Назымбетова және «Жас туристер» үйірмесінің жетекшісі Б.Омарова екі командаға жетекшілік жасап ұйымдастырған эстафеталық ойындары көңілді де тартысты өтті.Іс-шара Оқушылар үйінің педагог-психологы, Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Әбдірованың өз-ара қарым-қатынасты қалыптастыру, белсенділікті арттыру, көңіл-күйді көтеру мақсатында кәсіподақ мүшелері және фестиваль қонақтарының қатысуымен ұйымдастырған психологиялық тренингі барлық қатысушыларға сергектік пен жақсы көңіл-күй қалыптастырумен жалғасып, ой-пікір алмасумен қорытындыланды.Комитет төрағасы Қ.Төлебаев баланың заман көшінен қалмай, жан-жақты дамуына ықпал етіп жүрген оқушылар үйінің ұжымына шығармашылық табыс тілеп, оқушылардың таланттары мен талаптарына ризашылық білдірді. Денсаулық фестивалін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін директор м.у.а. М.Халмуратова және қолдау көрсеткені үшін бір қатар қосымша білім беру педагогтары аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен алғыс хатымен марапатталды.Қазақстандағы Оқушылар үйі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады. Білім беру жүйесінде интеграциялық байланыстан және әлем қажеттілігінен туындаған тенденция. Сондықтан да, білімді ұрпақ-еліміздің болашағы, ертеңі екендігін ескере отырып, аудандық оқушылар үйінің даму бағыты мемлекеттің назарында болса.Ордабасы ауданында келесі денсаулық аялдамасы 03.05.2024 жылы Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің базасында «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбында ата-аналар, кәсіподақ мүшелері және оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстелде жалғасады. 

Қатысты жаңалықтар

Қоян жылы кімдер миллионер атанады?

azatmedia

МАСЫЛДЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛҒА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

azatmedia