Қоғам

«Денсаулық-байлықтан қымбат» ұранымен дөңгелек үстел өтті

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің базасында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жахан Жансұлу Тайғанақызының ұйымдастыруымен «Денсаулық-байлықтан қымбат» ұранымен дөңгелек үстел жоғары деңгейде өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін, дұрыс тамақтанудың, ұйқының денсаулық үшін маңыздылығын, тазалық және жеке бас гигиенасының маңыздылығын түсіндіру болатын.

Жиынға Шұбарсу аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ мүшелері, медбике және «Medikal1» орталығының тәжірибелі дәрігері мен мамандары қатысты.Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Денсаулық-зор байлық»,-деген сөз бекер айтылмаса керек.

Дөңгелек үстелде денсаулықтың маңыздылығы қандай, денсаулықты байлықтан қымбат дегенді қалай түсінесіз, денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек, салауатты өмір салтын ұстану дегеніміз не, т.б. тақырыптық сұрақтармен өрбіді. Қатысушылар сұрақтарға жауап берумен қатар жеке тәжірибелерімен бөлісіп іс-шараның маңыздылығын арттырды.

«Пайдалы кеңес» айдарында «Medikal1 медициналық орталығының жалпы тәжірибелі дәрігері Тастемирова Жадыра Абдраймовна «Тиімді тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында кеңестер берсе, социолог Жүніс Айгүл Көбейқызы мен психолог Турекулова Нургуль Абишевна психологиямыз дұрыс болмаса ауруды оймен жасап алатынымыз туралы нақты мысалдар мен өте құнды ақпараттар және кеңестер ұсынды.

Мектептің педагог-психологы Кутбергенова Майраның ұйымдастыруымен қатысушылармен танысу ойынынан бастап, дене және психикалық денсаулықтың өзара байланысы, өз эмоциялары мен мінез-құлқын басқару нығайту және қолдау үшін «Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлай білейік» жаттығулары арқылы психологиялық сергіту сәтімен толықты.

Құнды ақпараттармен өткен дөңгелек үстел қорытындыланып, комитет төрағасы Қ.Төлебаев дөңгелек үстелді ұйымдастырған мектеп директоры Ж.Ақылбекованы және белсенділік танытқаны үшін «Зерек бала» бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Космуратова Айжан Ергалиевна, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Салменов Ерғали Жанатбекұлы мен «Medikal1 медициналық орталығының психологы Турекулова Нургуль Абишевналарды аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді екенін басты назарға алайық.

Келесі «ДЕНСАУЛЫҚ» аялдамасы І.Есенберлин атындағы жббм базасында «Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі» ұранымен аймақтық тәжірибелік психологиялық тренингте жалғасады. 

Қатысты жаңалықтар

Медиация – азаматтық қоғамның жаңа сатысы

azatmedia

Масылдық санадан қалай арыламыз?

azatmedia

Қоғамдағы Ынтымақтың Маңызы Қандай?

azatmedia