Қоғам

Кәсіподақ бастамасымен спорттық сайыс өтті

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып 2024 жылдың 4 сәуір күні «Аққу» бөбекжай бақшасында кәсіподақ мүшелері тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінен құралған командалар арасында ұжымның ынтымақтастығын арттыру, денсаулығын, белсенділігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Құрымбаеваның ұйымдастыруымен «Шынықсаң-шымыр боларсың» атты көңілді спорттық жарыс өткізілді.

Алты бөлімнен тұратын спорттық шараға әр қайсысы 5 адамнан құралған «Ашық аспан», «Қыран», «Барыс», «Бүркіт» атты 4 команда жарысқа түсіп, бақ сынасты. Әр топ өз топтарының атауымен байланыстырып билеп шыққан жарыс қызықты да тартысты өтті.

Жарыс кезеңдері мына төмендегідей:1. Таныстыру, командылық төсбелгіні қорғау.2. «Кім шапшаң?» кезеңінде қашықтыққа жүгіру.3. «Қайраттылар» арқан тарту. 4. «Кім епті?» су толтырылған ыдысты қолмен ұстамай белгілеген орынға ауыстыру.5. «Кім жылдам?» мәре сызығынан сөре сызығына қаппен секіріп барып қайту.6. «Бәрекелді жұлдызқұрт» доға астымен еңбектеп өту.

Жарыстың кезеңдері бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, «Балбөбек» бөбекжай бақшасы БКҰ төрағасы, аудандық кәсіподақ комитетінің тексеру комиссиясының төрағасы Ж.Қалымбетова және бөбекжай бақшасының меңгерушісінің м.у.а. Ш.Абжалалова әділ қазылық жасады.

Көңілді де тартысты өткен жарыс мәресіне жетіп, комитет төрағасы Қ.Төлебаев жеңімпаздарды аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Дипломымен, мекеме басшысы Ш.Абжалалованы Алғыс хатпен марапаттады. Жарысқа қатысушыларды құттықтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың алар орны ерекше екеніне айрықша тоқталды. 

Қатысты жаңалықтар

Шанақ ауылдық округі 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

azatmedia

Шымкент: Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

azatmedia

Жауапкершіліктің жүгі ауыр

azatmedia