Қоғам

КӘСІПОДАҚТАР ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ҮШІН

Еңбек – бұл біздің өміріміздің ажырамас бөлігі және әрқайсымыз оның лайықты түрде төленіп қана қоймай, мүмкіндігінше қауіпсіз болғанын қалаймыз. Бүгінде жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында 28 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Сол себепті әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басым орында болуы тиіс.

Осы ретте бүгін «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев еңбекті қорғау саласындағы мәселелер мен еңбек қызметіне байланысты жарақаттардың, аурулар мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мен ақпараттық-түсіндіру жүргізу мақсатында Түркістан облысы, Сайрам ауданында орналасқан «Акбарович» ЖК ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде Айдар Бахтыбаев қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қатынастарын реттеу, өндірістік жарақаттың алдын алу, еңбек заңнамасының орындалуын қадағалау екенін атап өтіп, еңбеккерлермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында сөз қозғап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында, қатысушыларға кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды.Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

Еңбеккерлермен кездесу өтті.Еңбеккерлердің еңбегі мен еркіндігін сенімді қорғау кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі. Осы ретте, кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі мен «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төраға орынбасары Лесбай Қозбахов Түркістан облысы, Леңгір қаласындағы тігін фабрикасы еңбек ұжымының жұмыскерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларға Кәсіподақтар Федерациясының 2024 жыл – «Лайықты еңбек жылы» деп жариялануына орай, бүгінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және жұмыс жағдайларын жақсарту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, өмір сүру деңгейін көтеру мен лайықты жалақымен қамтамасыз ету сияқты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, ұжым қызметкерлерін кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды.Өз кезегінде еңбек ұжымының мүшелері өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Қатысты жаңалықтар

Қызды айуандықпен өлтірген

azatmedia

Әлеуметтік масылдық әлекке салмасын

azatmedia

Ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің қазақстандық моделі

azatmedia