Қоғам

Төтенше жағдай: жалған қоңырау салдары

112  және 101 желілері- бірінші және ең маңызды телефон номерлері, оларды әр адам білуі кажет. Бірақ қазіргі таңда бұл ең маңызды нөмірлер, тентектік пен балалықтың құралы болып табылады. Мүмкін бұл уақытта көрші үйде біреу өрттен қаза тапқан немесе төтенше жағдайға тап болған шығар.          

Түркістан қаласы ТЖБ қызметкерлері кез келген хабарламаға шығып, жауап береді, тек шақыру орнына келгеннен кейін қандай шақыру жалған екенін білуге болады.

Уақытылы  шақыру азаматтардың өмірі мен мүлкін дер кезінде құтқарады. Бүгінгі  таңда ең маңызды 112 мен 101 нөмірлері желілерінде жалған қоңыраулар, әзілдер түседі, бірақ олардың әзілдері біреудің өміріне қауіп төндіріп тұрғанына есеп бермейді.

Жалған шақыруларды  шартты түрде екі түрге бөлуге болады: қателігінен жасалған және әдейі жасалған. Қателікпен жасалған шақыру, ол: адамдар су буын немесе от жұмыстарын көріп шатасатын кездер. Мұндай шақырулар жалған болса да, заңмен жазаланбайды. Өйткені отпен ойнаған қауіпті, уақытты жоғалтпай  дер кезінде 112 және 101 желілеріне қоңырау шалып, шағын тұтануды нағыз өртке айналдырмау қажет.

Ал әдейі – бұл мамандырылған қызметтерді (ТЖ, полиция, жедел жәрдем) бұзақылық ниетпен жалған шақыру, бұл азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылуға, ал теракт туралы хабарлаған жағдайда – қылмыстық жауапкершілікке туртуға дайын болуы тиіс.

Бүгінгі күнде заманауи техникалық құралдар, телефон бұзақыларын оңай есептеуге және оларды жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

Алайда,  жалған шақырудың бағасы  тек ақшалай баламада ғана өлшенбейді.

 Бұл, бірінші кезекте адамдардың өмірі мен әл-ауқаты

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

Қатысты жаңалықтар

Мұқтаждық па, масылдық па?

azatmedia

Білім саласында да біраз өзгерістер бар

azatmedia

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ

azatmedia