Қоғам

Ордабасыда аймақтық тәжірибелік тренинг өтті

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі Ордабасы аудандық іс-шаралар жоспарына сәкес І.Есенберлин атындағы жалпы білім беру мектебі базасында «Педагог денсаулығы-оқу үрдісінің табыстылығының кепілі» ұранымен педагог-психолог Базарбаева Динара Жолдабековна мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ташкенбаев Ерхан Бимахановичтің ұйымдастыруымен аймақтық тәжірибелік тренинг өте жоғары деңгейде өткізілді.

Тренингке Қараспан аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, І.Есенберлин ат. жббм кәсіподақ мүшелері белсенді қатысты.Тренингтің мақсаты педагогтарды эмоционалды күйінудің алдын алу, психологиялық кедергілерден шыға білу қасиеттерін дамыту.

Іс шара іс-қимыл арқылы сәлемдесумен басталып, тренинг сабақтың өзінің ережелері таныстырылып жоспар бойынша «Маған айт, мен оны ұмытамын, маған көрсет – мен оны есте сақтаймын, маған көрсетуге мүмкіншілік бер – мен түсінемін» принципі арқылы проблемаларды табуға және оны жеңе білуге, «Дыбыстық гимнастика» жаттығулармен сергіту сәті өткізіліп, «Бақыт телпегі» жаттығуы арқылы қандай да бір ситуация болса, ситуацияға бақытты оптимист адамның көзқарасында қабылдауға үйретті.

Тәжірибелі педагог-психолог Динара Жолдабековна өмірде бақытты сәттер мен ешкімді көргің келмейтін де кездерді «Бақытты болып білесіз бе?» атты тест арқылы сұрақтың жауабын алуды ұсында. Қатысуышылар мен қонақтар тест жауаптарын белгілеп, әр жауаптың ұпайлары арқылы өз бақыттарын бағалады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Ташкенбаев Ерхан Бимахановичтің ұйымдастыруымен тренингке қатысушылар бір- бірлеріне қарама-қарсы тұрып, тілек айту арқылы бір-бірлеріне түрлі-түсті қағаздардан жасаған ұшақтарды ұшырып тренинг өз мәресіне жетті.

Ұстаздарға жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудың жолдарын, бақытты болу үшін позитивті ойлануымыз керектігін, позитивті ойлау-бұл бақытты сәтті, қуанышты, денсаулықты, жақсы шешімін табатын іс-әрекеттер екенін ұғындырған тәжірибелі тренинг қорытындыланып, комитет төрағасы Қ.Төлебаев тренингті ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Ә.Мелдебек пен педагог-психолог Динара Жолдабековнаны және белсенділік танытқан Ш.Есенберлин атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері Ахметова Жазира Оркеновна, Жанлысова Дарига Сериковна, «Айгөлек» бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Назымбетов Нургали Ануарбекович аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.

Қатысты жаңалықтар

ЖҰМЫСЫНА АДАЛ АНТОН ТҮЛЕГЕН ТҮРКІСТАННЫҢ ФОТОШЕЖІРЕСІН ЖАСАП ЖҮР

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

azatmedia

Шымкентте тоқ соғып, күйік шалған қыздың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

azatmedia