Қоғам

КӘСІПОДАҚ БІРЛЕСТІГІНДЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:1. «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен тәжірибе алмасу бойынша сұрақтар; 2. «Лайықты еңбек жылы» аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізу; 3. Басқа сұрақтар.

Жиында алғаш болып сөз алған «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі күн тәртібінде көрсетілген бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысы кәсіподақтары арасында өзара ынтымақтастығымызыды арттыру мен тәжірибе алмасу мақсатына бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оның орындалуы бойынша кеңес мүшелерімен талқыға салып, іс-сапарға Түркістан облысы атынан баратын делегаттар құрамын бекітті.

Сонымен қатар, кезекті мәселе бойынша ағымдағы жылды Кәсіподақтар федерациясы «Лайықты еңбек жылы» деп жариялады. Осыған байланысты кәсіподақ төрағасы 2024 жылы өткізілетін іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша, еңбек қатынастары саласында жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар-кеңестер өткізу бойынша сөз қозғап, тиісті тапсырмалар берді.

Бұдан басқа, кеңесте салалық және жергілікті кәсіподақ төрағаларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбеккерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен оларды лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету бағытында, атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалып, жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

Түркістанда емтиханнан кейін асылып қалған оқушының телефонынан хат табылды (видео)

azatmedia

Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің!

azatmedia

Өрт қауіпсіздігін сақтамағанға жаза бар

azatmedia