Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

23 маусымда әлем елдерінде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұл туралы резолюция 2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57 сессиясында 23 маусымда қабылданған болатын. Ал 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен елімізде бұл күн мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

Бүгін жыл сайынғы дәстүрге айналған «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында халықпен тығыз байланыс орната отырып, ауданымыздың өсіп өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, Мемлекет басшысы мен еліміздің саясатын аймағымызда тиімді жүргізуге еселі үлес қосып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілердің еңбегі еленді.

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов арнайы мемлекеттік қызметшілермен жиын өткізіп, кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, барша ел үшін қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерге осындай жауапкершілігі мол салада абырой мен сәттілік тіледі. Бірқатар азаматтарды Түркістан облыс әкімінің Грамотасымен, Алғыс хатымен және аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапаттады. Марапаттау рәсімінен соң аудандық мәслихаттың депутаты Данияр Көбеев, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар қызмет етіп жүрген басқа да жасы үлкен азаматтар құттықтау сөздерін жеткізді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметке жаңадан кірген мемлекеттік қызметкерлер арнайы Ант қабылдау рәсімін өткізді. Аудан басшысы Азизхан Азимханұлы, мемлекеттік қызметкер – қоғам айнасы болуы керек екенін айта келе, осы бағытта ел сенімін ақтайтынына сенім білдірді.

23 маусымда әлем елдерінде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұл туралы резолюция 2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57 сессиясында 23 маусымда қабылданған болатын. Ал 2013 жылы ҚР Президенттің Жарлығымен елімізде бұл күн мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

Жыл сайын Қазақстанда 23 маусымда Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Бұл мереке өз ісіне берілген және өзін қоғам мен мемлекетке қызмет етуге арнағандарға арналған. Мемлекеттік қызметшілер күні қызметшілердің еңбек жетістіктерін атап өтіп қана қоймай, олардың ел дамуындағы рөлінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

Қазақстанда Мемлекеттік қызмет құқықтық тәртіпті, экономикалық дамуды, әлеуметтік қорғауды және азаматтарды қолдауды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге және ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған көптеген функцияларды орындайды.

Қатысты жаңалықтар

«Құр қағаз болып шықты» – Облыс әкімінің көпбалалы анаға өтірік ақшалай сертификат табыстағаны рас па?

azatmedia

Қазақстанда жаңа телеарна ашылады

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: БІЛІКТІ МАМАН

azatmedia