Қоғам

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА КЕЗЕКТІ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін Сарыағаш қаласында Түркістан облысында «QazMed» кәсіподақ мүшелері үшін оқыту семинары өтуде.Семинарды модератор, «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағының төрағасы Сәкен Катбаев ашып, «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Әлиакпар Матишевке сөз берді.

Салалық кәсіподақ төрағасы өзінің құттықтау сөзінде денсаулық сақтау қызметкерлерін заңнамадағы соңғы өзгерістерге, белгілі бір жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне қатысты мүмкіндігінше маңызды және өзекті ақпаратты алуға шақырды.

Сөзінің соңында Әлиақпар Матишев «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағының құрамына кіретін Түркістан облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында өткізілген «Үздік мейіргер» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Бұл оқыту семинары «QazMed» кәсіподағы мен » DENSAULYQ жергілікті кәсіподағының Түркістан облысында жоспарланған үш іс шараларының екіншісі, олардың мақсаты бірінші кезекте денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

Жүрегіңе құлақ түр…

azatmedia

Мұратқа бірлік жеткізеді

azatmedia

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн

azatmedia