Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан қаласында Түркістан облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының аумағында «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағының құрамына кіретін медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер үшін медициналық құқық негіздері бойынша «QazMed” медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ «DENSAULYQ”денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-мен бірлесіп оқыту семинары өткізілді.

Дәріскер ретінде М. Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы Медициналық құқық мәселелерін зерделеу институтының басшысы Жұмағазин Т. Б. шақырылды.Семинарға Түркістан қаласының басшылары, қызметкерлері, заңгерлері, кадр бөлімдерінің қызметкерлері, кәсіби ұйымдастырушылары қатысты.Іс-шараны «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподақ төрағасы Сакен Катбаев ашты. Ол өз сөзінде қатысушылармен сәлемдесіп, семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, баршаны кері байланысқа қолдау көрсетуге шақырды және іс-шараны Түркістан облысының барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында өткен «Үздік мейіргер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен бастауды ұсынды.

Салтанатты шараны «QazMed» өкілдері жүргізді. 3 сағаттық сабақ презентация, кейстер, заңнамалық актілерге сілтемелер, сұрақ-жауаптар, проблемалық құқықтық жағдайларды қарастыру арқылы өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, оқыту семинары үш күнге есептелген. Келесі іс-шара Сарыағаш қаласында өтеді. 

Қатысты жаңалықтар

Рухани діңгегі мықты болады

azatmedia

Инклюзивті білім берудің принциптері

azatmedia

ЦИТАДЕЛЬДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

azatmedia